Спортшының өзімен тілдесу мүмкін болмады, ол телефонын өшіріп тастаған.
Еске салайық, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 22 жастағы Жазира Жапарқұл күміс медальға ие болды. Үлкен жеңісі үшін облыс әкімі оған екі бөлмелі пәтердің және Land Cruiser 200 жол талғамайтын көліктің кілттерін табыс еткен болатын. Спортшыны аталмыш көліктің тізгінінде әлі ешкім көрмеді.