Бейбіт Атамқұлов жаңа министрлікті басқаратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейбіт Атамқұлов жаңа министрлікті басқаратын болды

Бейбіт Атамқұлов жаңа министрлікті басқаратын болды

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент

  • 7 Қазан 2016
  • 1093
Фото - Caravan.kz

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің Жарлығымен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов — 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағашта дүниеге келген.

Еңбек жолын 1985 жылы Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс байыту зауытында бастаған.

1986 жылдан бастап М.И.Калинин атындағы Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеді, онда балқытушыдан, ауысым шеберінен, бригадирден бастап жетекші инженерге дейінгі жолдан өтті.

1991 жылдан бастап — ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі "Қазметаллэкспорт" Қазақстандық республикалық сыртқы экономикалық байланыстар кәсіпорнының "Черметэкспорт" компаниясының бас маманы, директоры.

1993 жылдан бастап — ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі "Қазақстан сауда" МСК бас директорының бірінші орынбасары.

1995 жылдан бастап — "Қарметкомбинат" МАҚ (Теміртау қ.) бас директорының бірінші орынбасары.

1996 жылдан бастап — "Рахат-металс" компаниясының бас директоры, AIG Қазақстандық сақтандыру компаниясы Директорлар кеңесі Төрағасының орынбасары.

2002 жылдан бастап — "Рахат" МК Директорлар кеңесінің Төрағасы.

2006 жылы — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2006 жылдан бастап — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі.

2007 жылдан бастап — Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі.

2008 жылдан бастап — Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қ., ГФР бас консулы.


2010 жылдан бастап — Қазақстан Республикасының Малайзия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2012 жылы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.

2015 жылы 8 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған.

"Құрмет" орденің "Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медалінің, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық меделінің иегері.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібіминистрлігін құру туралы Қаулы 6 қазанда Ақорданың сайтында жарияланған болатын. Айта кетейік, министрлік қызметінің негізгі бағыттары — қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық.

"Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетін, Аэроғарыш комитетін және Мемлекеттік материалдық резервтер комитетін құруды және осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге тапсырма берілді", — делінген жарияланған хабарламада.