Ол өзіне деген қауымның назары уақытша құбылыс екеніне сенімді және өзін Ольга Шишигина, Серік Сапиев, Александр Винокуров сияқты чемпиондардың қатарына қоймайды. «Қарбалас бәсеңдейді. Маған әлі тынымсыз еңбектену керек», — деді спортшы қайырымдылық ас кезінде журналистердің сұрақтарына жауап бергенде.
Алайда кездесуде болған тележүргізуші Динара Сәтжан оны елдің өзге чемпиондарымен бірге Қазақстанда әрдайым құрметтейтінін айтты.
Сондай-ақ ол сыйақыны әлі алмағанын айтты.
«Әлі төлемеді, құжаттар түрлі инстанциялардан өтіп жатыр (…) Ақшаны қалай жұмсайтынымды сұрап жатыр. Пәтерімді жөндеуге, қаланы абаттандыруға және қаңғыбас иттердің панасына (үйіне) жұмсауым мүмкін (…). Шынымды айтсам, әлі білмеймін, ойланбадым», — деді Василий Левит.