Кулагиннің ұлы президентке біртабан жақындай түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кулагиннің ұлы президентке біртабан жақындай түсті

Кулагиннің ұлы президентке біртабан жақындай түсті

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің ұлы Павел Кулагин Президент әкімшілігіне қызметке орналасты.

  • 20 Қазан 2016
  • 639
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы оның өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz.

"Құрметті достар! Бүгін Астана әкімі Әсет Өрентайұлы мені Президент әкімшілігіне мемлекеттік инспектор қызметіне орналасуыма байланысты құттықтап, жаңа жұмысыма табыс пен сәттілік тіледі. Баршаларыңызға артқан сенімдеріңіз бен көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысымды айтқым келеді. Менің әріптестеріме, Сарыарқа ауданы мен барша Астана тұрғындарына, бірге жұмыс істескен белсенді азаматтарға рахмет! Достар, мен Сіздер үшін бұрынғыша ашықпын! Біздің ауданның, қаланың және жалпы республиканың дамуы үшін сіздермен бірге белсенді жұмысты жалғастыруға дайынмын. Мемлекет басшысы артқан сенімді ақтау үшін бар күшімді саламын", — делінген Павел Кулагиннің жеке парақшасында.

Айта кетейік, П.Кулагин 30 жаста. Ол еңбек өтілінде бірнеше мемлекеттік қызметтің сатыларынан өткен. Астана әкімінің кеңесшісі, елордадағы "Алматы", "Сарыарқа" аудандарының әкімі болды. Ол өзінің мемлекеттік қызметтегі "өсулерін" әкеісінің қызметімен еш байланыстырмайды.