Шымкентте кондуктор жолаушылардың көңілін көтеріп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте кондуктор жолаушылардың көңілін көтеріп жүр

Шымкентте кондуктор жолаушылардың көңілін көтеріп жүр

Шымкенттік желі қолданушылары біраздан бері көңілді кондукторды іздестірумен болған. Жолаушылардың көңілін көтеретін кондуктор қалалықтарға ұнап қалған.

  • 11 Қараша 2016
  • 1426
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды, деп жазады Stan.kz.

Мадияр Сұлтанбаев 74 бағыттағы автобустың кондукторы болып жұмыс істейді.

“Кім бүгін көңілсіз, сол билет алмайды! Ал бұл мүмкін бақытты билет шығар! Күліңіздер! Бақытты жіберіп алмаңыздар!”, “Жастар, қарт кісілерге орын берейік! Мұнда қыз, өте сыпайы әрі әдепті, ол орын босатқысы келеді” деген секілді сөздермен ол жолаушылардың көңілін көтеруде әдетке айналдырған.

Шымкенттегі “Отырар” телеарнасы Мадиярға ұялы телефон мен алғыс хат сыйладыШымкенттегі “Отырар” телеарнасы Мадиярға ұялы телефон мен алғыс хат сыйлады


“Ауылдың баласымын. Өзімнің келіншегім, екі балам бар. Барлық адамдар көңілді тұрса деймін. Егер бір адамның көңілін көтеріп жіберсең бұл да көмек болады. Мүмкін сол күлкіден соң ол адамда үлкен өзгеріс болатын шығар. Бірақ, біздің автобустарға адам көп мінетіндіктен, олардың бәрінің көңілін ойдағыдай көтеру өте қиын. Мен туралы айтып, бағалап жатқан адамдарға айтар алғысым шексіз”, – дейді Мадияр.

tdrt6usde457

Журналистке сұхбат бере салысымен, Мадияр Суранбаев бірден 74 бағыттағы автобус жұмысына қарай асықты. Енді ол осындай сенімнен кейін, бұрынғыдан да жоғары жауапкершілікпен жұмыс істеймін дейді.