Алматы метросы бес жылда 3 миллиард теңге тапқан - kaz.caravan.kz
  • $ 488.93
  • 532.4
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросы бес жылда 3 миллиард теңге тапқан

Алматы метросы бес жылда 3 миллиард теңге тапқан

Ашылғалы бері Алматы метросы 3 миллиард теңге пайда тапқан. 5 жылдық мерекесін тойлап жатқан мекеме күні бүгінге дейін 40 миллионға жуық қала тұрғыны мен қонақтарын тасымалдапты.

  • 3 Желтоқсан 2016
  • 1285
Фото - Caravan.kz

Алматы метросында қазір  1400-дей адам қызмет атқарады, деп хабарлайды 31 арна. Ал жер асты көлігін пайдаланушылардың саны жылма-жыл жиырма пайызға артып келеді. Сондай-ақ, күнделікті жолаушылар ағыны 100 мыңнан асатын көрінеді. Мерекелік шарада метроның үздік қызметкерлері қала әкімінің қолынан алғыс хат алды. Ал шаһар басшысы метро құрылысы алдағы уақытта Абай даңғылынан Яссауи көшесіне дейін жалғасатынын мәлімдеді.

"Таяу жылдары қаланың батысындағы халық көп шоғырланған аудандармен байланыстарын "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерін іске қосу міндеттері алдымызда тұр. Бұл бағыттағы ауқымды жұмыстар жалғаса береді" деді.