Ресей қорғаныс министрлігіндегі барлық Ту-154-тің ұшуы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей қорғаныс министрлігіндегі барлық Ту-154-тің ұшуы тоқтатылды

Ресей қорғаныс министрлігіндегі барлық Ту-154-тің ұшуы тоқтатылды

25 желтоқсан күні болған апаттың себебі анықталғанға дейін, барлық Ту-154-тің ұшуы  тоқтатылды, деп хабарлайды РБК.

  • 27 Желтоқсан 2016
  • 465
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.

«РФ Қорғаныс министрлігі Ту-154 әуе апатының тексеріс жұмыстары аяқталғанға дейін, аталмыш маркалы ұшақтардың барлығының ұшуын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады», — деп мәлім етті дереккөз. Дереккөздің айтуынша, қазіргі таңда осы үлгідегі ұшақтардың шектеулі саны қолданыста болғандықтан, бұл шешім әуе тасымалына кедергі келтірмейді.

Бұдан бұрын РФ көлік министрі Максим Соколов Ту-154Б-2 маркалы ұшақтардың тек Қорғаныс министрлігіне қызмет етіп жатқандықтан, ары қарай қолдану туралы шешімді тек осы ведомство қабылдайтынын мәлім еткен. Оның айтуынша, азаматтық авиация Ту-154М маркалы ұшақты пайдалануда және күн тәртібінде ары қарау қолдану туралы шешім күн тәртібінде тұрған жоқ.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 25 желтоқсанында Астана уақыты бойынша сағат 08:27-де Ту-154 ұшағы Сочиден ұшқандарына екі минут өткенде радардан жоғалды. Оның бортында үш телеарнаның — НТВ, «Звезда» және «Бірінші» арнаның түсіру топтары болған. Апатқа ұшыраған 92 адамның ішінде — тоғыз журналист болды. Олар Бірінші арнадан Дмитрий Рунков, Вадим Денисов пен Александр Сойдов, НТВ-дан Михаил Лужецкий, Олег Пестов пен Евгений Толстов және «Звезда» арнасынан Павел Обухов, Александр Суранов пен Валерий Ржевский қаза тапты. Сонымен қатар, бортта әскери қызметкерлер, Александров атындағы ансамбльдің музыканттары, дәрі-дермектерді Сирияға алып бара жатқан дәрігер Елизавета Глинка және Қорғаныс министрлігі мәдениет департаментінің директоры Антон Губанков бар еді.