Солтүстіктің 500-ден астам тұрғыны Қазақстан азаматтығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстіктің 500-ден астам тұрғыны Қазақстан азаматтығынан айырылды

Солтүстіктің 500-ден астам тұрғыны Қазақстан азаматтығынан айырылды

Жыл басынан бері СҚО-ның миграциялық полиция басқармасы қос азаматтығы бар 531 деректі анықтаған.

  • 29 Желтоқсан 2016
  • 2521
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Литер» газетіне СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Мәдина Балғашукова айтып берген, деп жазады Baq.kz.

Олардың барлығы Ресей азаматтығын алып алған. Бірақ Қазақстандағы жеке куәлігі мен төлқұжаттарын өткізбеген. Қулықтарын жүзеге асырып, екінші азаматтыққа қол жеткізген.

Қос азаматтығы бар 80 адам ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ 451 адам әлі әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Мұндай құқықбұзушылық үшін ең төменгі айыппұл 100 АЕК көлемінде. Еліміздегі орташа айлық көрсеткіші ең төменгі облыс тұрғындары үшін бұл жағдай біраз қалталарын қағары анық.

Мәдина Балғашукованың айтуынша, екі азаматтық алғандардың қатарында әртүрлі ұйымдардың өкілдері, тіпті бір мемлекеттік қызметкер де бар көрінеді. Мемлекеттік қызметкер қазіргі кезде жұмысынан қуылып, 300 АЕК айыппұл төлеген.


Перейти к новостям спорта