Шымкент тұрғыны өз көлігін өзі ұрлап масқара болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент тұрғыны өз көлігін өзі ұрлап масқара болды

Шымкент тұрғыны өз көлігін өзі ұрлап масқара болды

Iшкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент тұрғыны ұрлықты қолдан ұйымдастырған күдіктінің ісі әшкере болды.

  • 13 Қаңтар 2017
  • 833
Фото - Caravan.kz

Шымкент ұрлықты қолдан ұйымдастырған күдіктінің ісі әшкере болды.

Өткен жылдың қазан айында 1988 жылғы тұрғын өзінің автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткені жөнінде арызданған. Қаратау ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрланған автокөлікті Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен тапқан. Алайда, полицейлердің тергеу кезінде анықтағаны, 29 жастағы жәбірленуші қаладағы банктің бірінен көлік үшін сақтандыру қаражатын алу мақсатында, әдейі өзінің автокөлігін ұрлап, жалған ақпарат берген.

Азамат 800 мың теңге сақтандыру қаражатын алып, автокөлікті 33 жастағы Шымкент тұрғынына сатпақ болыпты. Бірақ келісімді орындамаған. Осы дерек бойынша, полицияға жалған ақпарат берген азамат ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айғақты зат тәркіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.