Қазақ тілін үйрен немесе Ресейге қайт! - БАБР - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ тілін үйрен немесе Ресейге қайт! - БАБР

Қазақ тілін үйрен немесе Ресейге қайт! - БАБР

Ресейлік «БАБР» атты басылымның редакторы Қазақстанға жасаған сапарынан алған әсерімен бөлісіпті.

  • 27 Қаңтар 2017
  • 1456
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы БАБР-ға сілетеме жасап хабарлады.

Мақала авторының айтуынша, Қазақстанда екі мәселені нақты бөліп айтуға болады. Ол: «славян мәселесі» және орыс тілді тұрғындардың жай-күйі. Оның пайымдауынша, Қазақстан этникалық және тілдік ерекшелік бойынша Солтүстік және Оңтүстік аймаққа бөлінген. Солтүстік пен Шығыс аймақтарда славяндар мен орыстанып кеткен қазақтар тұрады. Ал Шығыс пен Батыста өз тілінде сөйлейтін қазақтар мен өзбектер тұратын көрінеді.

Сондай-ақ автор, Қазақстанда 20 жыл бұрынғы жағдайдан негізгі өзгешелік қазір мемлекеттік тілді білу қажет. Тек сонда ғана өзіңді қоғамда еркін сезінесің, деп пайымдапты.

Ресейлік журналист «Тек қазақша сөйлеп қана, толыққанды азамат ретінде жүруге болады немесе екі тілді де біліп ешқандай кедергісіз өмір сүруге де болады. Бірақ сен тек орыс тілінде ғана сөйлейтін болсаң, онда үлкен түйткілдерге тап боласың", дейді.

Орыс тілшісі славяндарға қысым жасалмаса да тілге қатысты мемлекеттің «жұмсақ» саясаты бәрібір орыстілділерге «жабық есік» жағдайын қалыптастырып отыр, деген ой түйеді.

Тұрғындар тілдің маңыздылығын түсініп келеді.Өйткені қазақ тілін білмей ыңғайсыз тілдік геттоға түсесің. Әрине гетто жағдайында ешкімнің өмір сүргісі келмейді, деп жазыпты.


Журналистің ойынша, бұл жағдайдан шығудың екі жолы бар. «Қазақ тілін үйрену немесе Ресейге кету»

«Оларды ешкім қуалап жатқан жоқ. Бірақ, қал деп те қолқа салмайды. Себебі, Қазақстандағы орыстар біртілді. Бұл елде өзім тілдескен барлық орыстар қазірдің өзінде отбасыларын Ресейге апарып тастаған немесе жақын болашақта кетуді жоспарлап жүргендер», деп жалғастырады.

Сондай-ақ тілші, 20-30 жылда Қазақстанда тіл мәселесі болмайды. Өздігінен шешіледі. Оған себеп елде славяндар саны мейлінше азаяды, дейді.

Осылайша автор барық қазақстандық орыстарға кеңесім: қазақ тілін үйреніңдер немесе Ресейге қайтыңдар»,-деп аяқтапты.

Дегенмен, бұл мақала әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Әсіресе орыстілді оқырмандар автордың бос сөз жазғанын, жағдайдың мүлде олай емес екенін ашына айтуда. Көпшілік Қазақстанда қазақ тілін білмей-ақ өмір сүруге болады әрі өмір сүре береміз, деген пікірлер қалдырған.