9 ақпан күндіз және 10 ақпан түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екіпіні 15-20, кей жерлерде 23-28, ал облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда 30 м/с-ке дейін күшейеді. Аймақтың таулы және тау бөктері аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
9 ақпан күндіз және 10 ақпан түнде Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кейде 23-28, кей уақыттарда 30 м/с аса күшейеді.