Теміржолшыларға алғашқы жарнасыз 4 пайыздық ипотека беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміржолшыларға алғашқы жарнасыз 4 пайыздық ипотека беріледі

Теміржолшыларға алғашқы жарнасыз 4 пайыздық ипотека беріледі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңес отырысында теміржолшыларға арналған ипотека әзірленіп жатқанын айтты

  • 25 Мамыр
  • 1
Фото: ҚТЖ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Мемлекет басшысының қолдауымен теміржолшылар тұрақтамайтын және маман тапшы өңірлердегі жұмысшыларды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы іске қосылды. Шарттары өте жеңіл. Ипотеканың жылдық сыйақысы 4 пайыз болады. Ешқандай алғашқы жарна салудың қажет жоқ. Мерзімі 16 жылға дейін. Бірінші кезеңде 534 отбасыны осы ипотекамен қамтуды жоспарлап отырмыз. Қолданысқа берілетін баспана ҚТЖ-ның өндіріс аумақтарына көрші аудандарда салынды. Мектеп пен балабақшада жаяу баратын жерде тұр, — деді ҚТЖ басшысы.

Аталған бағдарлама Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларында іске асырылады. 

— Басқа өңірлерді де пысықтап жатырмыз, — деді Талғат Алдыбергенов.

Бұған дейін 2030 жылға дейін елдің теміржол инфрақұрылымын дамытуға 10 млрд доллар инвестиция салынатынын жазған едік. Бұл ҚТЖ-ның қазіргі жалпы қарызымен шамалас сома. Соңғы деректер бойынша ұлттық теміржол компаниясының жалпы қарызы 4,7 трлн теңгеден асқан.