Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктер саны қысқартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктер саны қысқартылады

Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктер саны қысқартылады

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қазақстанда А корпусы басқару органдарындағы қызметкерлердің санын қысқартуы мүмкін, деп мәлімдеді ҚР

  • 8 Ақпан 2017
  • 316
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда А корпусы басқару органдарындағы қызметкерлердің санын қысқартуы мүмкін, деп мәлімдеді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.

Владимир ФедоренкоНазарбаев шенеуніктер саны туралы: өздігінен көбеюі таңқаларлық “Талай жылғы жинаған тәжірибемізді ескеріп, А корпусы басқару органдарының қызметкерлері институтын жетілдіруге тиіспіз.

Президент әкімшілігімен бірігіп, мемлекет басшысына берілетін концептуалдық ұсыныс әзірлеп қойдық. Ол А корпусындағы лауазымдарды, жауапты хатшыларды, комитет төрағалары мен өңір орталықтарындағы аппараттардың басшыларын, қала және аудан әкімдерін қысқартуға байланысты”, — деп мәлімдеді Қожамжаров 2016 жылдың қорытындысы бойынша өткен агенттік коллегиясының отырысында.


Оның айтуынша, мұндай жұмыс орындарына жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі мол басқа қызметкерлер тікелей конкурс арқылы келе алады.