Асырап алған балаға қатысты сотта сәбидің туған анасы бет-жүзін көрсеткісі келмеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асырап алған балаға қатысты сотта сәбидің туған анасы бет-жүзін көрсеткісі келмеді

Асырап алған балаға қатысты сотта сәбидің туған анасы бет-жүзін көрсеткісі келмеді

14 ақпанда Алматы қалалық сотында асырап алған ұлын тартып алмақ болып жатқан Гүлжан Қылыбаеваның ісі бойынша сот тыңдауы өтті.

  • 15 Ақпан 2017
  • 983
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталының тілшісі хабарлады.

Сот отырысына баланың биологиялық анасы Зухра Исахова да келді. Ол зот залына бетін бүркеп кірген. Сондай-ақ ақпарат құралдарымен тілдесуден де бас тартты. Сот отырысы аяқталған соң да Исахова бет-жүзін көрсетпей БАҚ өкілдерінен сытылып кетуге тырысып бақты.

Бұған дейін сот талқысына тілшілерге қатысуға рұқсат берілген болатын. Әйтседе, соңғы сәтте прокурор баланың мүддесі үшін журналистердің қатысуына қарсылық танытты.


Еске сала кетсек, Гүлжан Қылыбаеваны бес айлығынан бері тәрбиелеп келе жатқан екі жасар баласы Жеңіс Ысқақовқа қамқорлық жасау құқынан айыру көзделген.

Қылыбаевтар отбасы асырап алуға арыз түсіргенде тиісті органдар баланың биологиялық анасын рұқсатын алу үшін іздеп тапқан. Бірақ Зухра Исахова баласын өзіне қалдырғысы келетінін мәлімдеген. Бұған дейін түрлі сот инстанциялары Исахованың мүддесіне қарай шешім шығарып келген.