Солтүстік Кореядағы БАҚ Ким Чен Намның өліміне қатысты тіс жармай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Кореядағы БАҚ Ким Чен Намның өліміне қатысты тіс жармай отыр

Солтүстік Кореядағы БАҚ Ким Чен Намның өліміне қатысты тіс жармай отыр

Солтүстік Корея жеріндегі БАҚ Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Намның өлтірілгені туралы ақпаратқа қатысты ешқандай хабар берген жоқ.

  • 15 Ақпан 2017
  • 350
Фото - Caravan.kz

Себебі КХДР үкіметі тарапынан бұл туралы ешқандай сыбыс болмаған. Қазір ресми Пхеньянға қарасты басылымдардың бәрі Солтүстік Кореяның бұрынғы көсемі Ким Чен Ирдың 16 ақпанда ұлттық мереке ретінде атап өтілетін туған күні туралы жарыса жазып жатыр. 

Ал сол кезде Yonhap хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі ел президентінің қызметін уақытша атқарушы премьер-министрдің қатысуымен көршілес ел басшысы туысқанының өліміне байланысты отырыс өткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, Ким Чен Намды өлтірген болуы мүмкін екі әйелдің де енді тірілер қатарында жоқ болуы ықтимал екендігі туралы жазған едік.