Қытайда өтіп жатқан «I am a singer-2017» байқауында миллиондаған жүректі жаулап үлгерген Димаш Құдайберген бірнеше ірі жанжалға тап болып үлгерді. Caravan.kz медиа-порталы 22 жасар Димаш кімге және қалай ұнамғанын еске түсіріп көрді.
ВИТАС ПЕН ДИМАШ
Ең атышулы жанжал Димаш пен Витастың продюсері Сергей Пудовкиннің арасында орын алды. Ресейлік әншінің продюсері әнді рұқсатсыз орындағаны үшін соттасатынын айтты. Ол шағым жасалғанын және алдағы уақытта іске асатын болады, деп сес керсетті. Олардың пайымдауынша, Витас Опера-2 әнінің авторы ретінде туындының заңды иесі боп табылады. Сол себепті басқа әншілер әнді орындамас бұрын міндетті түрде рұқсат алуы керек екен.
Дегенмен Витастың өзі өзге әншілермен соттасып жатқысы келмейтінін мәлімдеді. Ал Димашпен болған жағдайды реттеу продюсер мен оның мүддесін қорғайтын компанияның міндеті екені айтқан.
«Ресми мәлімдеме жасағым келеді. Соңғы төрт күнде әлеуметтік желіде менің атыма қатысты қаралап жазған сөздер тым көбейіп кетті. Кез келген шығармашылық адамын сыйлайтынымды айтқым келеді. Өзге әріптестердің шығармашылығына қатысты сот талқысына жүгінемін деп ешқашан ойламаппын. Және оны ешқашанда жасамайын», деп жазды әнші Facebook— те.
Витас содан кейін тіпті жеке парақшасына қазақша қатесі көп болса да мәлімдеме жасады.
Бірақ бұл жағдай Димаштың танымалдылығына кері әсер еткен жоқ. Керісінше оның өнеріне табынушылар тіптен артты. Ал қытайлық қыздар әншінің жолын тосып, еркін жүруден қалдырды.Сол себепті Димашқа тіпті күзетші жалдауға мәжбүр болды.
ТАЛҒАМСЫЗ
Димаш Құдайбергеннің күрт танымал болуынан соң интернетте музыка мамандарының Димаштың ән әйту шеберлігін сынап жатқан видео пайда болды.
Бұдан бернеше жыл бұрын түсірілген бағдарламада Димашты Баян Есентаеваның сіңлісі Бағым Мұхитденова ең көп сынғандардың бірі болды.
— Маған ұнаған жоқ. Екінші шумақта дауысыңды не үшін жоғары көтердің.Бұл әнде вокалдық мүмкіндіктеріңді көрсету міндетті емес. Оны барлық әнде көрсетудің қажеті жоқ. Ән де маған ұнаған жоқ, -деді Бағым Мұхитденова
Сондай-ақ, әлгі хабарда Құдайбергеновтың өнерін ұнатпағандардың бірі белгілі ақын Ринат Зайытов болды.
ОҢТҮСТІК ЖАСТАРЫ ҚАРСЫ
Әлеуметтік желіде еліміздің оңтүстік өңірі жастарының атын пайдаланғандар өнерімен танылып жатқан Димаш Құдайбергенге қарсы шықты. Оларға әншінің бет жүзінің тым қатты боялғаны ұнамаса керек
ҚЫТАЙДЫҢ САЯСАТЫ
Димаштың кенеттен танымал болуына орай белгілі дінтанушы Мұртаза Бұлытай пікір жазды. Ол Димаш Құдайбергеннің Қытайда жоғары бағаланып жатқаны осы мемлекеттің астарлы саясаты, аспан асты еліндегілер Қазақстандағы бүкіл шаруасын дөңгелете беру үшін біздің әншіні көтермелеп отыр, деген мағынадағы жазбаны Фейсбуктегі парақшасында қалдырған еді.
Көп ұзамай Бұлытай мырзаның пікіріне Димаштың әкесі белгілі әнші Қанат Айтбаев қарсы уәжін жазды.
— Қазіргі заманда адамзат жабық қоғамда өмір сүре ала ма? Әлемде көптеген спорттық жарыстар, олимпиадалар, өнер додалары, музыкалық фестивальдер, конкурстар т.б. көптеп өткізіліп жатады. Негізгі мақсаты – елді таныту. Қазақстанның атынан талай азаматтарымыз көптеген шараларға қатысып жатады, соның бәрінен саясат іздейміз бе? Әр саланың мамандары мүмкіндігінше еліміздің әлеуетін көтеріп, мемлекетімізді жақсы қырынан танытуға талпынса несі айып? Қаншама жігіттеріміз бен қыздарымыз халықаралық деңгейде жақсы жетістіктерге жетіп, жүлделермен оралып жатыр, солардың барлығының жеңісінен жымысқы саясаттың астарын іздейміз бе?- деп жазды Қанат Айтбаев.
ТӘТТІ ҰЙҚЫ
Димашқа қатысы тағы бір оқиға 2015 жылы болды. Ол «Славян базары» байқауында орын алыпты. Үлкен жанжал болмаса да, келеңсіз оқиға. Сол кездің өзінде-ақ Димаштың талантын байқағандар оның жолын кесуге тырысқан.
Өзінің айтуынша, байқаудың үшінші күні сахнаға шығардан бір сағат бұрын су ішкеннен кейін өзін кенеттен жайсыз сезіне бастаған. Сөйтсе, қатысушылардың бірі суға ұйықтататын дәрі сеуіп қойған болып шықты. Әрине, оны кімнің істегенін анықтау мүмкін болмапты. Бірақ бәрібір ол жағдай Димаштың үздік өнер көрсетіп, бас жүлде алуына кедергі келтіре алмады.
