Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде болған қар көшкінінен қаза тапқан әскерилердің аты-жөндері белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz.
Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде 7 сарбаз қаза тапты.
Кіші сержант 1991 жылы туған М.Т.Қыдырбаев
Кіші сержант 1992 жылы туған А.К. Ерісбаев
Келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері 1993 жылы туған Т.К.Кеңесов
Кіші сержант 1988 жылы туған А.Ж. Аралбаев
Келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері 1995 жылы туған Н.К.Шәкен
Ефрейтор 1991 жылы туған М.Б. Тұрысмағанбетов
Аға лейтенант 1991 жылы туған А.К.Мошабаев
Айта кетейік, 2017 жылғы 17 ақпанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Көксай» шатқалы Алатау ауылы аумағында болған қар көшкініне байланысты тұрғындарға психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Жамбыл облысының Төтенше жағдай департаментінде тәулік бойы жұмыс істейтін «Қауырт желі» телефоны қызмет етуде 8 (7262) 51-41-67