Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінің ақпаратына сүйеніп, Caravan.kz тілшісі хабарлады.
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов оқиға орнында
"Өрт сондірушілерге 21:10-да хабар келіп түсті. Оттың жертөледе тұтанғаны анықталды. Электр сымы, қаптама, қатталған жиһаз жанып кеткен. Өрт 22:14-те сөндіріліп, 22:35-те толығымен жойылды. Алдын-ала мәлімет бойынша, 150-дей тұрғын далаға шығарылған. Оның 50-і балалар. Ыс тиген бір адамды жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті" дейді төтенше жағдай комитетіндегілер.