19 ақпанда жүздеген белсенді үкіметтен Украина билігіне бағынбайтын Донбаспен сауданы тоқтату жөнінде талап қойған. Наразылық білдірушілер президент әкімдігі жанына шатыр тікпек болған кезде, полициямен қақтығысқан. Жәбірленушілердің айтуынша, полиция белсенділерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен таяқ қолданған. Демонстранттар болса қоршауды сындырмақ болған.
Нәтижесінде ондаған белсенді мен бір полиция қызметкері жараланған. Бес адам ұсталған. Оның ішінде Украина ұлтшылдары ұйымының жетекшісі Николай Коханивский де бар.
Киев орталығына Ұлттық гвардия мен қосымша полиция кіргізген.
Кешкі 21.00 шамасында полицияның хабарлауынша, жағдай тұрақталған.