Димаш Қытай халқын Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесіне шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Қытай халқын Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесіне шақырды

Димаш Қытай халқын Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесіне шақырды

Сұхбат барысында Димаш ұстаздарының арқасында неміс, украин, француз, итальян, ағылшын, түрік тілдерін үйренгенін айтып қалды. Қазір Димаш қытай тілін меңгеріп жүр екен.

Димаш «Singer» байқауына қалай келгенін әңгімеледі. Димашты байқаудың бас режиссері, тәлімгер Хун Таоның өзі шақырған екен.

«Ол бұрынғы менің халықаралық байқауларда өнер көрсеткенімді байқап, мені осында шақырды. «Singer» байқауы – нағыз әншілер бақ сынайтын өнер додасы. Уақыты мен айналымы да ерекше ұзақ. Ол сенің сахнадағы сәтіңді ғана ем

  • 2 Наурыз 2017
  • 478
Фото - Caravan.kz

Димаш «Singer» байқауына қалай келгенін әңгімеледі. Димашты байқаудың бас режиссері, тәлімгер Хун Таоның өзі шақырған екен.

«Ол бұрынғы менің халықаралық байқауларда өнер көрсеткенімді байқап, мені осында шақырды. «Singer» байқауы – нағыз әншілер бақ сынайтын өнер додасы. Уақыты мен айналымы да ерекше ұзақ. Ол сенің сахнадағы сәтіңді ғана емес, әншінің байқауға дайындалу барысын, сондай-ақ, сахнадан тыс тұрмыс-тіршілігін де көрсетеді. Көрермендерге әншінің өнерімен бірге өмірін де толық таныстырады. Мен бұрынғы қатысқан байқаулардан «Singer» жобасының ең үлкен ерекшелігі – бұнда менен жасы үлкен, атағы әйгілі, табысқа жеткен әншілермен бірге бақ сынауға тура келді», – деп түсіндірді Димаш.


Әңгіме барысында Димаш байқауда нәтижеден бұрын, бірінші кезекте қалың көрерменнің қолдауына ие болуды көксейтінін айтып қалды.

Одан кейін әнші Қытай халқын елімізде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды.

«Биыл маусым айында Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі басталады. ЭКСПО көрмесі тұңғыш рет Орталық Азия елінде өткізіледі. Барлықтарыңызды Қазақстанға келіп, ЭКСПО көрмесін тамашалауға, қазақтың әсем табиғатын көруге, дәмді тағамдарынан ауыз тиюге шақырамын.  Бәрі сәтімен болса, мен аталмыш көрмеде ән айтатын боламын», – дейді Димаш.