Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, бұрқасын соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, бұрқасын соғады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, бұрқасын соғады

Бүгін Республиканың солтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын соғып, желдің күшеюі күтіледі.

  • 6 Наурыз 2017
  • 221
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жылдамдығы 18-23 м/с, екпіні 28 м/с жел тұрады, кей жерлерінде түнде тұман күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, желдің жылдамдығы 18 м/с-ға дейін күшейеді. Қызылорда, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарында, Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.