Наурыз мейрамына орай қосымша пойыздар жолға шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз мейрамына орай қосымша пойыздар жолға шығады

Наурыз мейрамына орай қосымша пойыздар жолға шығады

Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 9 Наурыз 2017
  • 292
Фото - Caravan.kz

Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ таратқан мәліметтерге сәйкес қосымша пойыздар мына бағыттарда қатынайды:

№154/153 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы 18 наурыз күні  Астанадан шығып, 19 наурызда Алматыға жетеді (бір бағытта ғана); 

№157/158 «Алматы-2-Астана» жолаушылар пойызы Алматыдан 18 наурызда шығып, Астанаға 19 наурызда келеді (1 рейс);


№160/159 «Алматы-Павлодар» жолаушылар пойызы Алматыдан 19 наурызда шығып, Павлодарға 21 наурызда жетеді  (1 бағытта ғана);

№155/156 «Алматы-2-Арыс-1» жолаушылар пойызы Алматыдан 17 наурызда шығып, Арысқа 18 наурызда барады (1 рейс).