Әлеуметтік желіде әнші Ақбота Керімбекованың әлдебір тойда ән айтқаны үшін ақшасын ала алмай тұрғаны жайлы видео тарады. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.
Той иесі ақшаны той біткен соң беремін, әзірге қонақтармен суретке түсе тұр, деп уақыт созып, әншіні жолдан қалдырып тұрғаны байқалады.
Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз. Видео YouTube желісінде жарияланды. Дегенмен көпшілік қазір той иесін де, оны түсіріп желіге салған адамды да айыптап жатыр.