Бұған дейін хабарланғандай туристік фирмалар ең арзан жолдаманың құны бір адамға 16-22 наурыз күндері үшін 1380 долларды (455 мың теңге) құрайтыны хабарланған.
Оның ішіне мыналар кіреді: ары-бері ұшу билеттері (580 доллар), виза (190 доллар), Madison Square Garden аренасынан 200 метр қашықтықта орналасқан Pensylvania қонақ үйі (688 доллар), бокс кешінің ең арзан билеті (253 доллар) және қауіпсіздік (7 доллар) үшін. Сонымен қатар, мұнан да ыңғайлырақ жағдайды қалайтындар үшін қосымша нұсқалар қарастырылады.
Айта кетейік, Головкин-Джейкобс айқасы 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінде өтеді.