Алдағы үш күннің ауа райы мәлім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күннің ауа райы мәлім болды

Алдағы үш күннің ауа райы мәлім болды

Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық фронттар Қазақстан аумақтары арқылы жылжиды. Соған байланысты алдағы 3 тәулікте еліміздің көптеген облыстарында сулы қар жауып, тұман және көктайғақ болады деп болжануда. 

  • 27 Наурыз 2017
  • 260
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарының ауа-райы Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттармен жауын-шашын, басым түрде жаңбыр түрінде, түнгі және таңертеңгі уақыттарда жаңбырдың соңы сулы қарға айналуы мүмкін деп күтілуде, сондай-ақ тұман болжанады.

Ауа температурасы климаттық мәндерден 3-5ºС-қа жоғары болады. 30 наурызда Республиканың батысында, температура осы кезеңдерге сәйкес қалыпты нормадан 2-4ºС төмен болады деп күтілуде.