Әбден іштен тынған банк күзетшісі елді қайран қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әбден іштен тынған  банк күзетшісі елді қайран қалдырды

Әбден іштен тынған банк күзетшісі елді қайран қалдырды

Қарағанды қаласында мемлекеттік тілге қатысты тағы бір оқиға  орын алды. Франциядан келген қонақтың тек қазақша қызмет кө

  • 28 Наурыз 2017
  • 2238
Фото - Caravan.kz

Қарағанды қаласында мемлекеттік тілге қатысты тағы бір оқиға  орын алды. Франциядан келген қонақтың тек қазақша қызмет көрсетуін сұрағаны  банк қызметкерлерінің таңданысын туғызса, сондағы күзетшінің көңілін босатқан, деп хабарлайды Caravan.kz.

Соңында әлгі күзетші франциялық қонаққа ерекше хат ұсынған. Бұл туралы кәсіпкер Ерлан Әшім фейсбуктегі өз парақшасында жазды.

«Бүгін қобалжытатын жағдайға кезіктік. Əйелім Парижден келген Гүлшах Есдавокт деген қонақ досымызды KAZKOM (Қарағанды. Кривогуз к.) банкісіне апарған. Гүлшах кассадан Франциядан келген ақшасын алу керек еді.
«Мен орысша білмеймін, қазақша сөйлесейік»- дейді ол қызметкер кассирге. Естіп қалған кісілер аң-таң. Қызықтап сұраған: «Кімсіз, қайдан келдіңіз?» Мəн-жəйді білгенсін бүкіл шаруасын шешіп береді. Бір уақытта қасында тыңдап қана тұрған банк күзетшісі үндемей ғана бір парақ қағазды алып тез арада бірдеңе жазып арттарынан мəшинеге дейін келіп , қағазды қолына ұстата қойыпты. Гүлшах қарындасымыздың айтуынша, ағайдың көзінде жас тұрыпты», – дейді кәсіпкер.

Күзетші жігіт ұсынған хаттың мәтіні мынадай:


«Кім болсаңыз да ырзамын сізге. Өз ішімізде қазақ бола тұра қазақша сөйлегісі келмейтін, білсе де білгісі келмейтін Малғұн, Мақұлық қазақтар аз емес. Сіз олардың жанында теңдесі жоқ алтынсыз. Kazkom 24/03/2017»