Аталған суреттің қай қалада түсірілгені белгісіз. Есіктегі жазу орыс тілінде жазылған. «Осындай мәңгүрттерді Алла кешірсін. Басқа айтарым жоқ», «Бұл жай ғана сурет», «Атып, азаматтығынан айыру қажет!», «Өздерінің сана-сезімдерінің қаншалықты төмен екендіктерін көрсетіп жатыр», «Дәретханаға кірген адамдардың мұны байқамай ма сонда? Неге оны алып тастамайды?», «Ұлтына деген махаббаты биік болса, мұндай масқараға жол бермес еді» деп жазады желі қолданушылары.