Оралда Күлкі күні полицейлермен әзілдемек болған әйел 6 жылға сотталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда Күлкі күні полицейлермен әзілдемек болған әйел 6 жылға сотталуы мүмкін

Оралда Күлкі күні полицейлермен әзілдемек болған әйел 6 жылға сотталуы мүмкін

Орал қаласында 1 сәуір - Күлкі күніне орай полицейлермен әзілдемек болған әйел алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп х

  • 1 Сәуiр 2017
  • 319
Фото - Caravan.kz

Орал қаласында 1 сәуір — Күлкі күніне орай полицейлермен әзілдемек болған әйел алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 09.01 шамасында 1987 жылғы азаматша "102" нөміріне қоңырау шалған. БҚО жедел штабынан түскен мәліметке қарағанда, ол өз күйеуінің пойызда  кепіл ретінде ұсталып отырғанын хабарлаған. Ал біраз уақыттан кейін мұның бәрі қалжың екендігін айтқан. Құқық қорғау органдары А. есімді азаматшамен қалжыңдасуды жөн көрмей, оның үстінен ҚР ҚК 273-бабына сәйкес (лаңкестік актісі жөнінде көрінеу  жалған хабарлау) қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды.