Атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуов тағы істі болды
Ол тіпті өзіне тергеу қапасының бастығымен кездесуді талап еткен. Ал ол келгенше электр шамдарының қалпақтарын, бейнебақылау камераларын және ішкі желдету жүйелерін сындырған дейді тергеу материалдарында. Экс-полицей бастық келгенде де сабасына түспей, жұдырық ала жүгіріпті. Енді түрмеде де тыныш жатпағаны үшін жаза үстіне жаза арқалайын деп отыр.
Естеріңізге салсақ, Манарбек Өтеуов Өзбекстан азаматын өлтіргені үшін 22 жылға сотталған. Сондай-ақ, атышулы хат жазып, өз басшылығын әшкере еткен болатын. Ол хат бойынша, 9 полицейге іс қозғалып, төртеуі сотталды. Ал Өтеуовтың бұрынғы бастықтарына қатысты іс әлі бөлек қаралып жатыр.