Шымкентте өз-өзін өртеген азамат қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте өз-өзін өртеген азамат қайтыс болды

Шымкентте өз-өзін өртеген азамат қайтыс болды

Денесіне бензин құйып, өз-өзін өртеген Шымкенттегі Бозарық елді мекенінің тұрғыны қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облысы ауруханасының жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бөлім меңгерушісі Икрам Төлеев хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2017
  • 729
Фото - Caravan.kz

"Денесінің 72 пайызын күйік шалып ауруханаға түскен Бозарық елді мекенінің тұрғыны кеше кешкі сағат 23:00-де жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның денесін туыстары алып кетті" дейді Икрам Төлеев.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті 29 наурыз кешкі сағат тоғыздар шамасында 1979 жылы туған, әйелімен ұрысқан азаматтың денесіне бензин құйып, отжаққышпен өз-өзін өртегенін хабарлаған.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.