«Black Dial» деп аталатын жаңа топтың әншілері де шаштарын түрлі түске бояп, сырға таққандығымен көзге түседі, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.
Ал бейнебаяндары желіге тараған сәттен-ақ түрлі пікірлер қарша борады.
Көпшілігін қазақ жігіттерінің ұлттық мінезге жат қылық жасап жүргені ашуландырды. Енді біреулері 91 тобының көшірмесі деп баға берді.
Көпшілігі, ел мен жерді қорғайтын жігіттер не болып барады? ОРДА тобы өнерді қалай түсініп жүр, 91 тобынан да өтіп кетті. Атақты болу үшін құлақ тесіп, шаш бояудың қажетті жоқ еді, деп өкініш білдірген.
Бір айта кетерлігі «Black Dial» тобының продюсері атышулы «Ninety one» тобының жетекшісі Ерболат Беделханның інісі Есболат Беделхан.