Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде күн жылына түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде күн жылына түседі

Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде күн жылына түседі

[wpcode id="1694287"] «Қазгидромет» РМК сәуірдің 6-8 күндеріне арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлады ҚазАқпа

  • 5 Сәуiр 2017
  • 721
Фото - Caravan.kz


«Қазгидромет» РМК сәуірдің 6-8 күндеріне арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ресейдің арктикалық аймағынан Қазақстанға суық және ылғалды ауаның келуі жалғасуда, сондықтан көптеген облыстарда бұрынғысынша ауа-райы бұлтты болады. Кей жерлерде жаңбыр, қар жауып, тұман түсіп, ауа температурасы қалыпты нормадан 2-4ºС төмен болады деп болжануда. Алайда тропосферлық ағымдардың бағыты бірте-бірте солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай ауысады. Сол себептен 8-сәуірде Қазақстанның көптеген облыстарында жауын-шашын азайып, ауа температураның жоғарылай түседі. Батыс аймақтарда қазірдің өзінде Таяу Шығыстан ауа ағымдарының келуімен күн жауын-шашынсыз және жылы болады. Температура қалыпты нормадан 3-6ºС жоғары болады.