«Петропавлдағы корттың құлауына сапасыз құрылыс себеп болған. Мердігердің өзге нысандарында да дәнекерлеу жұмысы дұрыс атқарылмапты. Оның үстіне кортты орнататын жер таңдағанда, оның тығызыдығы мен жер асты суларының бары ескерілмеген. Енді мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық мәселелерді ескеруге тырысып жатырмыз», – дейді Петропавл қалалық туризм және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Данияр Жолдасбаев.