ЭКСПО-да елорда жолдарында көлік кептелісі болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-да елорда жолдарында көлік кептелісі болмайды

ЭКСПО-да елорда жолдарында көлік кептелісі болмайды

2017 жылдың 10 маусым 10 қыркүйек аралығында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде елорда жолдарында кептеліс болмайды. Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Чупеков Елжан Қалиұлы мәлім етті.

  • 11 Сәуiр 2017
  • 291
Фото - Caravan.kz

«Жазғы каникулда астаналық оқушылардың басым бөлігі және олардың ата-аналары қала сыртына немесе туристік орындарға қыдырып кетеді. Ал көрмеге келген қонақтардың, шетелдік туристертің көпшілігі жаяу болғандықтан, кептеліс болады деп қауіптенуге негіз жоқ. Оның үстіне Астана әкімдігі қаланың қоғамдық көліктерін жетілдіруге баса назар аударуда. Таксилік желілер әзірленуде. Көлік ағынын бақылауда ұстаймыз», — деді Елжан Қалиұлы. Айта кетейік, бүгін Астана қаласының әкімдігінде ЭКСПО қарсаңында қала көшелеріне жүргізілетін жөндеу жұмыстары туралы баспасөз мәслихаты өтті. Онда Астана қаласындағы жол жөндеу жұмыстарына 5,5 миллиард теңге бөлінгені және сәуір-мамыр айларында сол жағалау көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар көшелердің уақытша жабылатыны хабарланды.