Криштиану Роналдудың "Бавария" қақпасына соққан екінші голы еурокубоктағы 100-голы болды.
Футболшы Чемпиондар лигасында – 97 гол, УЕФА Суперкубогында – 2 гол, Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінде 1 гол соққан. Роналду 100 голды 135 ойында соқты. Португалдық шабуылшы еурокубок ойындарында 100 гол соққан алғашқы футболшы атанып отыр.
Осыған дейін мұндай жетістікті бірде-бір футболшы бағындырмаған. Роналдуды өкшелеп Лионель Месси келеді. Ол еурокубок ойындарында 97 гол соққан.
Еурокубок ойындарының ең үздік сұрмергендері:
1. Криштиану Роналду — 100 гол
2. Лионель Месси — 97 гол
3. Рауль — 76 гол
4. Филиппо Индзаги — 70 гол
5: Герд Мюллер — 69 гол