Пойыз жолсерігі жолаушыға ұмытып кеткен 2 млн теңгесін қайтарып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пойыз жолсерігі жолаушыға ұмытып кеткен 2 млн теңгесін қайтарып берді

Жолаушы Астана-Ақтөбе пойызында 2 миллион теңге салынған қол сөмкесін ұмытып кетіпті

Қазақстанда жолсерік жолаушыға пойызда қалдырып кеткен қомақты қаражатын қайтарып берді деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі. Астана-Ақтөбе бағдарлы №87/88 жүрдек пойызы межелеген жерге жеткеннен соң, №16 вагонның жолсерігі Ержан Әрденов купеде матрас астында 2 миллион теңге ақшалай қаражат, банк карточкасы мен басқа да бағалы заттар салынған қол сөмке тауып алады. Пойыз басшысымен бірге акт жасалып, қол сөмке ішіндегі бүкіл затымен бірге иесіне қайтарылды. Теміржол компаниясы атап өткендей, жолаушылар ақшасы мен құжаттарын ғана емес, басқа да бағалы заттарды, мәселен, ұялы телефон, ноутбук және сағаттарын қалдырып кетеді. Жыл басынан бері өңірлік филиалдардың жолсеріктері бағалы заттар мен құжаттарды иесіне қайтару бойынша 18 деректі тіркеген.

  • 13 Сәуiр 2017
  • 295
Фото - Caravan.kz