Қазақстанның бірнеше өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"17 сәуірде қатты жауынға байланысты Жамбыл облысындағы өзендерде су тасу қаупі бар. (…) Сондықтан қар жамылғысының биік болуына және қатты жауын-шашынға байланысты Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында 17 сәуірде қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты қар басқан тау бөктерлеріне шықпауға кеңес беріледі", — делінген ҚР ІІМ ТЖК. Сондай-ақ, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында су деңгейі әлі көтеріліп жатыр. 17 сәуірде Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында жел күтіледі. Ал Астанада оңтүстік-батыс, батыс желі секундына 20 метрге дейін жетеді.