Кәсіпкер 2 млн теңгеге ЭКСПО көрмесінің билетін сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкер 2 млн теңгеге ЭКСПО көрмесінің билетін сатып алды

Кәсіпкер 2 млн теңгеге ЭКСПО көрмесінің билетін сатып алды

Оңтүстікқазақстандық кәсіпкер 2 млн теңгеге «ЭКСПО-2017» көрмесінің билетін сатып алды.

  • 17 Сәуiр 2017
  • 307
Фото - Caravan.kz

Белсенді азамат бұл туралы облыс орталығында өткен халықаралық көрме мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қолдау ретінде ұйымдастырылған шара барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Айта кетейік, оңтүстік жұртшылығы қазірдің өзінде халықаралық көрмеге билеттерді жаппай сатып алуға көшкен. Оның ішінде өңірдегі қалталы азаматтар өз қаржыларына билет алып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен мүгедектерге және де ардагерлерге сыйлық ретінде тарту етуде. Облыс депутаты, түркістандық кәсіпкер Рахым Тәңірбергенов те сатып алған билеттерін осындай азаматтарға таратпақшы.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне әрбір азамат атсалысуы тиіс деп есептеймін. Өйткені бұл өте маңызды шара. Елімізге әлемнің 100-ден астам мемлекеттен қонақтар келгелі отыр. Сондықтан осындай ауқымы зор шарадан оңтүстікқазақстандықтар да сырт қалмауы тиіс деп ойлап, бүгін өз қаражатыма 500 билет сатып алып отырмын. Бұл билеттерді өзіме қарасты мекемеде ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген азаматтарға ұсынамын. Сонымен қатар, жаз айында көрмеге бару үшін арнайы автобустар ұйымдастырып, түркістандықтарды өз есебімнен Астанаға апарып қайтамын», — деді Рахым Көлбайұлы.  


Еске салайық, Астана қаласында өтетін EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмеге әлемнiң дамыған 100-ден астам мемлекетi қатысады деп күтiлуде. Қазақстанның әлеуетiн көрсететiн зор мүмкiндiктiң бiрi болғандықтан бұл елорданың ғана емес, бүкiл елiмiздiң мәртебесiн өсiретiн шара болмақ. Сондықтан күнгей жұртшылығы да көрмеге дайындық жұмыстары жан-жақты жүргізіп отыр. Көрменің жоғары деңгейде өтуіне атсалысатын 150 ерікті де дайындықтарын күн сайын пысықтауда.