Димаштың атын жамылып, сұхбат беретін алаяқтар пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаштың атын жамылып, сұхбат беретін алаяқтар пайда болды

Димаштың атын жамылып, сұхбат беретін алаяқтар пайда болды

Белгісіз біреу еліміздегі республикалық басылымдардың біріне Димаштың атынан өтірік сұхбат берген. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбае

  • 19 Сәуiр 2017
  • 1179
Фото - Caravan.kz

Белгісіз біреу еліміздегі республикалық басылымдардың біріне Димаштың атынан өтірік сұхбат берген. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.

«Айқын» газеті Димаштан алынған көлемді сұхабатты жуырда ғана жарияланған болатын. Әйтседе  Қанат Айтбаев аталған сұхбатттың жалған екенін айтып, фейсбуктегі жеке парақшасында былай депті:

Республикалық "Айқын" газеті құрметтейтін басылымдарымның бірі. Бірақ Димашпен мұндай сұхбат болған жоқ! Журналист бала телефон арқылы сұхбаттасқанын айтып ақталып, аудио нұсқасын жіберді — Димаш болып сөйлескен дауыс басқа адамдікі.
Кіммен сөйлескендеріңізді анықтап, заң жолымен шешетін боларсыздар, журналистер?

Ал осы келеңсіздікке орай "Айқын" басылымы газет бетіне былай деп түсінік беріпті.

Құрметті оқырман! Дүйсенбі күнінен (17.04.2017) бастап 8 702 *** ** **нөміріне қоңырау шалған едік. Келесі тарап өзінің Қанат Айтбаев екендігін растап, газетімізге сұхбат беруге келіскен болатын. Алматыда болса, жолығайық дегенімізге «уақыт тығыз, Димаш қатты шаршаңқы» деп жауап берген еді. «Телефон арқылы тілдесіп, сұхбат беруге келістіріп беремін» деді. Осылайша екі күн бойы сөйлесіп, кеше (18.04.2017) 21:32-де өзге нөмірден (8 777 *** ** **) қоңырау шалып, сұхбат алуды ұсынып, телефонды Димашқа беремін деді. Біз болсақ, диктофонды қосып, қысқа сұхбат алдық.

Бүгін (19.04.2017) таңертең Димаш Құдайбергеннің ата-анасы хабарласып, ол адамның алаяқ екендігін жеткізді. Аталған нөмірге анасы Света Айтбаева да хабарласып, тілдесіпті. Телефонның арғы жағындағы адам бастапқыда өзін Қанат Айтбаев секілді ұстаған көрінеді. Алаяқтық жасаған адамның кім екендігі де анықталды. Аты-жөні – Хасенов Қанат Асубаевич, 06.08.1986 жылы туған, ҚР азаматы екен.


Ал екінші 8 777 *** ** ** нөмірі алдымен А.С.Дадаев, кейін Р.А.Ибадатовтың атына тіркелгені белгілі болды. Ибадатовтың атына бұдан басқа да бірнеше нөмір тіркеліпті.

Газетіміздің 19 сәуір күнгі №57 санында жарияланған «Мақсатым – өнер жолы» атты Димаш Құдайбергеннен алынған сұхбатымыз осылайша жалған болып шықты. Сол үшін әріптестерімізді Құдайбергеновтер әулетінің атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырамыз. Ал Димаштың атын иемденген алаяқты анықтауды құзырлы органдардан сұраймыз.