Instagram енді интернетсіз де істей береді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Instagram енді интернетсіз де істей береді

Instagram енді интернетсіз де істей береді

Instagram әлеуметтік желісі Android операциялық жүйесіне бірнеше қызметті интернетсіз де қолжетімді етті, деп хабарлайды TechCrunch.

  • 19 Сәуiр 2017
  • 292
Фото - Caravan.kz

F8 конференциясында Instagram компаниясының өкілдері алдағы уақытта желі қолданушыларының интернетке қосылмай-ақ пікір жазып, лайк басуына, фотоны сақтауына мүмкіндік туындайтынын мәлімдеді. Бұл функциялардың барлығы да қосымшада сақталып, пайдаланушы интернетке қосылған кезде іске асатын болады.

Аталған функция әзірше тек Android қолданушыларына ғана қолжетімді болып отыр, алайда таяу арада iOS қолданушылары да бұған қол жеткізетін болады деп жоспарлануда.


Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда әлемде 600 млн адам Instagram әлеуметтік желісін қолданады.