Қазақстандық жеті жасар пианиношы Брюссельде топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жеті жасар пианиношы Брюссельде топ жарды

Қазақстандық жеті жасар пианиношы Брюссельде топ жарды

Брюссельде жас пианиношылардың «Merci, Maestro!» халықаралық байқауы өтті. 

  • 24 Сәуiр 2017
  • 356
Фото - Caravan.kz

Оның нәтижесі бойынша Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбиеленушісі Биәлі Бикенов «Ең жас орындаушы» номинациясында лауреат атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

20-23 сәуір күндері өткен шығармашылық фестиваль Брюссельдегі П.И.Чайковский атындағы музыкалық мектептің қолдауымен ұйымдастырылды. Байқауға 28 мемлекеттен 19 жасқа дейінгі 92 жас дарын қатысты.

Бәсеке іріктеу кезеңі мен финалдан тұрды. Бірінші кезеңде жеті жасар Биәлі Бикенов И.Бахтың «Шағын кіріспесін» («Маленькая прелюдия»), М. Мошковскидің «№5-інші Этюдін» және Ғ.Жұбанованың «Аңызын» орындады. Ал ақтық сында Д.Кабалевскийдің «Сайқымазақтарын» және Л.В.Бетховеннің сонаталарының бірін ұсынды.