60 учаскені су алған. "Алматы қалалық ТЖД, қаланың Құтқару және коммуналдық қызметтері су сору шараларын жүргізіп жатыр. 369 адам ісің жұмылған, 55 дана техника және 24 мотопомпа тартылған", — деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері.
"Қазіргі таңда 151 саяжай учаскесін су алды. Екі адам эвакуацияланды. Тазалау, жағалауды нығайту және Қарғалы өзенінің аңғарын тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр, Алматы-Жандосов тасжолындағы көпір тазартылды. Адамдарды эвакуациялауға 50 орындық мектеп пен екі автобус дайындалды", — деп хабарлаған еді осыған дейін құтқарушылар.
Сонымен қатар, бөгеттің қирағаны жайлы мәлімет жоққа шығарылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Алматы облыстық ТЖД суреттері Алматы облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылды. Оқиға орындарынд саяжай аулаларын аралау үшін үш бағыт бойынша үш топ құрылған.
