Атырауда бекіре ұрлаған браконьерлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда бекіре ұрлаған браконьерлер ұсталды

Атырауда бекіре ұрлаған браконьерлер ұсталды

Жайық-Каспий бассейнінде браконьерлік тыйылмай тұр. Бұл жолы оңай олжаға құныққандар Қазақстан-Ресей шекарасынан 3 тонна 776 келі бағалы

  • 29 Сәуiр 2017
  • 386
Фото - Caravan.kz

Жайық-Каспий бассейнінде браконьерлік тыйылмай тұр. Бұл жолы оңай олжаға құныққандар Қазақстан-Ресей шекарасынан 3 тонна 776 келі бағалы бекіре балығымен ұсталды, деп абарлады 24.kz.

 Атыраудан Астраханьға бағыт алған «Камаз» жүк көлігін тоқтатқан Ресейлік арнаулы қызмет мамандары жасырын қуыстан аулауға мүлде тыйым салынған 864 дана бекіре, шоқыр, қорытпа балығын тапты. Жалпы сомасы 7 млн рубль болатын тәркіленген тауар мен автокөлік Ресейдегі арнайы қоймада тұр. Мамандар көп көлемдегі балық Атырау аумағында ауланғанын айтады. Сондықтан тергеу амалдарын атыраулық құқық қорғаушылар жүргізеді.

Жанболат Әйкенов, Батыс өңірлік әскери прокуроры: — Аталған факт бойынша Әскери прокуратура мен ҚР ҰҚК әкери полициясының 7-бөлімі бірлесіп тергеп тексеруді бастады. Осынша көлемдегі балықты кімдер, қайдан аулаған. Контрабандалық жүк мемлекет шекарасынан өтіп кетті деген сауалдардың жауабы алдағы күндері анықталатын болады.


 

Соңғы жаңалықтар