Разақов наразы тұрғындарды тыңдауға келген екен, деп жазады Caravan.kz. Ал жұрт айтарын бүй деп айтып қалды:
"Бізге ешкім жөндеп жауап бермей жатыр. "Сотқа барыңдар" дейді. Ал адвокатқа ақша қайда? Сот шығынын кім төлейді? "Бұл – өз шаруаларың" дейді. Жоқ, бұлай болмайды. Бұл – сіздердің шаруаларыңыз. Жол айырығының мемлекетке де, қалалықтарға да керек екенін түсінеміз. Бірақ тиын-тебен ұстата салмай, дұрыс өтемақы төлесеңіздерші. Мына өзіңіз үстіңіздегі пиджагыңызды бізге бес теңгеге беріңізші. Бергіңіз келмей ме? Ал онда біз неге өз үйімізді болмашы ақшаға беруіміз керек?!"