Қазығұртта "Жастар саябағы" ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазығұртта "Жастар саябағы" ашылды

Қазығұртта "Жастар саябағы" ашылды

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орайластарылған іс-шаралар барысында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылы аумағындағы «Бабалар рухына тағызым» атты алып кешен жанынан «Жастар саябағының» ашылу салтанаты болды.

  • 8 Мамыр 2017
  • 1346
Фото - Caravan.kz

Аудан жастары мен тұрғындарына арналған саябақтың лентасын Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев пен осы саябақты салған, меценат, елдің сүйіспеншілігіне бөленген азамат, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген заңгері, ҚР Құрметті судьясы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Бекет Тұрғараевтар қиды.

Абайдың қара сөздері жазылып, күн өткізбейтін орындықтар қойылып, кең алқапқа талдар отырғызылып жасыл аймаққа айналған саябақ әсем безендірілген. Шараға қатысқан аудан ардагерлері мен тұрғындары, жастар мен мектеп оқушылары «Бабалар рухына тағызым» атты монументке гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, ата-бабалар рухына бағышталып құран оқылып, ас берілді.

Осы шара барысында аудан жастары арасында ұлттық спорт түрлері мен футболдан өткен дәстүрлі турнирде үздік танылған спортшылар мен командаларға аталған жарыстың демеушісі Бекет Тұрғараев кубоктармен қаржылай сыйлықтар табыс етті.