Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жек Азия құрлығында өтуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин-Альварес  арасындағы жекпе-жек Азия құрлығында өтуі мүмкін

Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жек Азия құрлығында өтуі мүмкін

Бұл туралы ESPN хабарлайды.

Golden Boy промоутерлік компаниясының иесі Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, жекпе-жекті өткізуден БАӘ-де үмітті.

“Маған әуелі Дубай?

  • 10 Мамыр 2017
  • 382
Фото - Caravan.kz

Golden Boy промоутерлік компаниясының иесі Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, жекпе-жекті өткізуден БАӘ-де үмітті.

“Маған әуелі Дубайдан, сосын Ұлыбританиядан қоңырау түсті. Бұл жекпе-жекке бүкіл әлем қызығып отыр. Келіссөздер басталған соң бұл мәселе де жуық арада шешіледі”, – дейді Де Ла Хойя.

Қазіргі таңда Головкин-Альварес жекпе-жегіне сегіз арена кезекте тұр. Оның негізгі үшеуі: Лас-Вегастағы T-Mobile Arena, Нью-Йорктегі Madison Square Garden және Далластағы AT&T Stadium стадионы.

Жекпе-жек АҚШ жерінен тыс орында өтуі де ықтимал. Бұл ретте Лондондағы “Уэмбли” стадионы мен Мехикодағы “Ацтек” стадиондары өтініш білдірген. Сондай-ақ, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы да бұл кездесудің елімізде өткізілуіне қатысты пікір білдірді.


“Біз бұл мәселені мұқият талқылап, жоспарлағанбыз. Негізінде бұл жекпе-жекті ұйымдастыруға бізде мүмкіндік бар. Егер ол қыркүйектің басында болса Астанада өткізе алар едік. Алайда ол кезде ЭКСПО көрмесі аяқталып кетеді. Головкин де, “Канело” да бұл жекпе-жектен көп табыс тапқысы келетіндері белгілі. Сол себепті АҚШ, Мексика және Англияның мүмкіндіктері жоғары”, – деді Федерацияның вице-президенті Виктор Демьяненко.

Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді. Кездесуде Головкинге тиесілі WBC, WBA (Super), IBF және IBO белдіктері бәске қойылмақ.