Сауд Арабиясында табысы төмен азаматтарға өтемақы төленбек - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясында табысы төмен азаматтарға өтемақы төленбек

Сауд Арабиясында табысы төмен азаматтарға өтемақы төленбек

Сауд Арабиясы үкіметі шілде айынан бастап табысы төмен және орташа адамдарға олардың қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында қаржылай өтемақы төлейтін болады, деп мәлімдеді Блумберг агенттігіне Сауд Арабиясы экономика және жоспарлау министрінің орынбасары Мухаммед ат-Тувижри.

  • 10 Мамыр 2017
  • 274
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 11 миллионнан астам адам қаржылық көмек сұрап өтініш білдірген, алайда үкімет олардың қаншасы өтемақы алуға құқылы екендігін саралап жатыр.

«Бізге басшылық ететін мұрагер ханзаданың орынбасары Мухаммед бен Салманның нұсқауына сәйкес, мүмкіндікке орай барынша көп адамға көмек көрсетуге тырысамыз», — деді ат-Тувижри.