Еуропа Лигасының финалистері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропа Лигасының финалистері анықталды

Еуропа Лигасының финалистері анықталды

Англиялық «Манчестер Юнайтед» пен амстердамдық «Аякс» Еуропа Лигасының финалистері атанды, деп хабарлайды Лента.ру.

  • 12 Мамыр 2017
  • 433
Фото - Caravan.kz

Британиялық команда өз алаңында өткен жартылай финалдық матчта испандық «Сельтамен» ойнап, тең түсті. Манкуниандықтардан голды Маруана Феллайни соқса, қонақтар арасынан Факундо Ронкалья ерекшеленді. Бірінші ойын ағылшындардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.  

«Аякс» қарсыластарының алаңында өткен екінші ойында француздық «Лионға» есе жіберді (1:3). Алайда олар бірінші матчта жеңіске жетуінің арқасында (4:1) финалға жолдама алды. Француздық командада Александр Ляказетт екі рет гол салса, үшінші доп Рашид Геззальдің еншісінде.  Амстердамдықтардың арасынан Каспер Дольберг гол соқты.

Финал ойыны 24 мамыр күні Стокгольмдегі «Френдс-Аренада» өтеді.


 

Соңғы жаңалықтар