Көкшетау полицейлері өзін өлтірмек болған жас жігітті құтқарып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетау полицейлері өзін өлтірмек болған жас жігітті құтқарып қалды

Көкшетау полицейлері өзін өлтірмек болған жас жігітті құтқарып қалды

Көкшетау полицейлері суицид жасамақ болған жас жігітті құтқарып қалды.

  • 13 Мамыр 2017
  • 455
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының кезекшілік бөліміне «Сұңқар» мөлтек ауданында орналасқан үйдің тұрғыны хабарласты. Әйел балконнан қан байқап қалғанын хабарлаған. Оқиға орнына полиция инспекторлары жөнелтілді. Олар аталған аймаққа қызмет көрсететін – полицияның жоғары лейтенанттары Саят Әубәкіров пен Әлихан Қожанов.

Тұрғын үйге келіп жеткен полицейлер алдымен қанды, одан кейін балконда қансырап жатқан жас жігітті көреді. Жігіт тамырын кескен, ол аздай асылып қалмақшы болған.

Полицейлердің бірі жігіттің жүрегінің соғып тұрғанын байқап қалып, оны «дардан» түсіріп алған. Жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыртқан.


Кейіннен пәтерден жас жігіттің сүйген қызына жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта 21 жастағы жігіт ауруханада жатыр, оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

«Уақытында үлгергенімізге қуаныштымын. Енді ол жігіттің өмірінде барлығының түзелетініне сенімдімін», – деді полицияның жоғары лейтенанты Саят Әубәкіров.