Жолаушылар автобусы аялдамада өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолаушылар автобусы аялдамада өртеніп кетті

Жолаушылар автобусы аялдамада өртеніп кетті

Белгородта аялдамада тұрған жолаушылар автобусы өртеніп кетті.

  • 16 Мамыр 2017
  • 221
Фото - Caravan.kz

Ресей ТЖМ Белгород облысы бойынша МБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көліктің өртенгені жайлы кезекші-диспечерлік қызметіне 18:08-де хабарланған. «Белгород — Дубовое» (МАЗ маркалы) бағдарындағы автобус «Энергомаш» аялдамасында жолаушыларды мінгізіп жатқан. Түтін исін сезген жүргізуші дер кезінде адамдарды шығарып үлгереді. Артынша көлік өртеніп кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ хабарлағандай, автобустың түгі қалмай жанып кеткен. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 12 өрт сөндіруші мен 4 техника тартылды.